ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЫРТҚЫ САЯСАТ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Жас мемлекет үшін тырнақалды сыртқы саяси қадамдар ауырға соғады. Қазақстанға өзінің сыртқы саясатын тыңнан бастауға тура келді. Сыртқы саяси бағытты қалыптастырудың негізгі қиындығы елдің өз тәуелсіздігін тыныш та тұрақты жағдайда емес, мүлдем жаңа геосаяси жағдайда бастауында болатын. Дәл осындай кезеңде мемлекеттің Қазақстанның мүдделеріне тікелей немесе жанама әсері бар халықаралық процестердегі ұстанымдарын мүлтіксіз белгілеу қажет болатын.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еуразиялық кеңістіктің болашағы әзірге беймәлім болды, біз шетелдік үлгілерді көрсоқырлықпен қайталамай, керісінше, тек өзіміздің ұлттық мүдделерімізді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын қалыптастырдық.
1991 жылдың өзінде біз Қазақстанды жігерлі түрде әлемге таныта бастадық. Сол кезде Елбасы
Қазақстанның сыртқы саясатының негізі мемлекеттік деңгейде тұңғыш рет отандық дипломаттар үшін практикалық басшылыққа айналған «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясында» қалыптастырылды. Біз Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының бейбіт сипатын әйгілеп, шекаралардың бұзылмау принципін нақтыладық және соғысты мақсатқа жетудің тетігі есебінде жоққа шығарып, Қазақстанның әлемдік экономика мен Еуразияның геосаяси картасындағы өз орнын табуға деген ниетін ұқтырдық. Стратегия қазақстандық сыртқы саясаттың маңызды бағыттарын белгіледі. Олар «ТМД» – жаңа тәуелсіз мемлекеттер, «Азия-Тынық мұхит аймағы» – Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, «азиялық», «еуропалық» және «америкалық» бағыттар – сәйкесінше, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, АҚШ пен Латын Америкасы болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қазақстандық сыртқы саясаттың ең байыпты мазмұны – заманауи дипломатия мен өткен тарих арасындағы байланысты түсінуі болды. 1 АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкермен, Ұлыбританияның премьер-министрі Джон Мейджормен, Австрия канцлері Франц Враницкимен, Герман саясаткерлері – вице-канцлер, сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншермен және қаржы министрі Теодор Вайгельмен, Австралияның және Иранның сыртқы саясат ведомстволарының басшылары – Гарет Эванспен және Али-Акбар Велаятимен, Сингапур премьер-министрі Ли Куан Юмен, Мәскеуде аккредиттелген АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Болгария, Мексика және басқа елдердің елшілерімен, сондай-ақ шетелдік бизнес өкілдерімен кездесті.
Қазақстанның сыртқы саясатының негізі мемлекеттік деңгейде тұңғыш рет отандық дипломаттар үшін практикалық басшылыққа айналған «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясында» қалыптастырылды. Біз Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының бейбіт сипатын әйгілеп, шекаралардың бұзылмау принципін нақтыладық және соғысты мақсатқа жетудің тетігі есебінде жоққа шығарып, Қазақстанның әлемдік экономика мен Еуразияның геосаяси картасындағы өз орнын табуға деген ниетін ұқтырдық. Стратегия қазақстандық сыртқы саясаттың маңызды бағыттарын белгіледі. Олар «ТМД» – жаңа тәуелсіз мемлекеттер, «Азия-Тынық мұхит аймағы» – Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, «азиялық», «еуропалық» және «америкалық» бағыттар – сәйкесінше, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, АҚШ пен Латын Америкасы болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қазақстандық сыртқы саясаттың ең байыпты мазмұны – заманауи дипломатия мен өткен тарих арасындағы байланысты түсінуі болды.