АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА АБЫРОЙЛЫ ҚАЗАҚСТАН

АӨСШК процесінің басталғанына 20 жыл толуына арналған мерейтойлық отырыс 2012 жылғы қыркүйекте Астана қаласында өтті. Министрлер кездесуіне қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Елбасы АӨСШК-нің арқасында дамудың паназиялық мәдениеттермен, өркениетпен, даму модельдерімен диалог орнатуға мүмкіндік туғанын атап өтті.
АӨСШК IV саммиті 2014 жылы 20–21 мамыр аралығында Шанхайда (ҚХР) өтті. Саммит жұмысына 47 мемлекет пен халықаралық ұйымдар және алғаш рет ББҰ Бас хатшысы қатысты. Кеңес төрағалығы Түркиядан Қытайға
өтті. АӨСШК құрамына Катар мен Бангладеш қабылданды.
Саммиттің ШЫҰ сияқты маңызды халықаралық ұйым дүниеге келген қалада өтуі қуантарлық жағдай болды. Екі өңіраралық құрылымның күшін топтастыруға мүмкіндік берген, сондай АӨСШК нақты іс-шара ережелері
қабылданған ШЫҰ мен АӨСШК арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның Шанхай қаласында бекітілуі де кездейсоқ емес еді.
Саммитте қабылданған қорытынды құжат – «Диалогты, сенімді нығайту және жаңа Азиядағы тұрақтылық пен ынтымақтастықты үйлестіру» декларациясы Қытай төрағалығымен жүргізілетін жұмыс өзара сенім
мен сыйластықты арттыруға бағытталатынын айқын көрсетті.

АӨСШК-нің өзге де қатысушылары тәрізді, Қазақстан да Кеңестің бұдан былай сан жағынан өсуі жеткіліксіз екенін айқын ұқты. Сол сияқты тек диалог алаңы ретіндегі қызметпен де шектелмеуі тиіс еді. Азиядағы
нақты мәселелерді шешу үшін жаңа, мазмұны әлдеқайда терең формат қажет болды. Бұдан өзге, Қазақстан ЕҚЫҰ-ға Төрағалық жасаған кезеңде біздің ел ұсынған қауіпсіздіктің жалпы континенталдық, еуразиялық жүйесі
туралы бастамасы да мықты азиялық ұйымды қажет етті. АӨСШК-ні қайта форматтау пісіп-жетілген мәселеге айналды. Сондықтан да Қазақстан саммитке қатысушылардың назарын АӨСШК негізіндегі Азиядағы қауіпсіздік пен даму ұйымын (АҚДҰ) құру туралы ұсынысқа аударды. Бұл – заңдылық еді.
Елбасы өз сөзінде: «Сондықтан біз, Азия елдері, құрлықты бейбіт жолмен дамыту мәселесімен өзіміз айналысуымыз қажет. Осы процесте АҚДҰ маңызды құрал болуы ықтимал», – деп атап өтті. «АӨСШК-ға мүше-мемлекеттердің көшбасшыларын осы мәселені шешуді кейінге қалдырмауға шақырамын». Қазақстанның қорытынды баспасөз мәслихатында Қытай өзінің төрағалық ету кезеңінде Кеңестің негізінде белсенді әрекет етуші азиялық өңірлік ұйым құруға барлық күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді.