ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЛІККЕ ТОЛЫ ШЕШІМІ

Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Қазақстан ұлттық және жалпы ядролық қауіпсіздік бағытын айнымастай ұстанды.
2015 жылы желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясы ядролық қарудан азат әлемге жету туралы жалпыға бірдей Декларацияны мақұлдады. Бұл – 2010 жылы сәуір айында Вашингтонда өткен бірінші ядролық қауіпсіздік
саммитінде Елбасы жария еткен ұсыныс болатын. Ол кезде жұрттың көпшілігіне бұл жаңа бастама кезекті «саяси
ойын» болып көрінді. Алайда Қазақстан бұл мәселеде табандылықпен жұмыс істеп, нәтижесінде әлемнің ондаған мемлекеттерінің қолдауына ие болды. Бұл құжаттың бекітілуі – біздің елдің игілікті мақсатына – 2045 жылы
БҰҰ-ның 100 жылдығына орай, ядролық қарудан азат бейбіт әлемге қол жеткізу ізгі ниетіне қолдау білдіргендерінің көрінісі еді. Бұдан басқа, декларацияны қолдаған 35 ел қарарының қабылдануы Қазақстанның 2015 жылдың қыркүйегіндегі бастамасының – Жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың маңызды қадамы болды.

2012 жылдың тамыз айында-ақ Астана қаласында өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияда Н.Назарбаев қоғамдық дипломатия бастамасын – АТОМ («Abolish Testing Our Mission» – «Сынақтар ды жою – біздің миссиямыз») жобасын ұсынды. Жер бетіндегі ядролық қаруға қарсы кез келген адам әлем үкіметтерін ядролық сынақтардан біржола бас тартуға шақырған онлайн-петицияға қол қойып, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісімшарттың тезірек күшіне енуіне қол жеткізе алады. Бұл бастамаға жүзден астам елдің азаматтары үн қосты.
Бұл ретте Қазақстан атомды бейбіт мақсатқа пайдаланудағы тең мүмкіндіктер жайындағы көзқарасын ашық айтты, күрделі мәселелерді шешуге нақты үлес қосты. 2013 жылы Алматы қаласында Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер өтті. Бұл – сенімсіздік сеңін ерітіп, Женевадағы келісімге қол жеткізді.

Қазақстанның қауіпсіз әлемді қолдаудағы көпжылдық қызметі 2016 жылы наурыз айында Вашингтонда өткен ядорлық қауіпсіздіктің төртінші саммитінде аталып, Ядролық қаруды «Таратпаудағы халықаралық көшбасшылығы үшін» арнайы марапатына ие болды. Біздің ел – ядролық қауіпсіздік сферасындағы өзінің биік мәртебесін тағы да бір рет айқындады.

Қазақстанның бітімгершілік бастамалары адамзаттың көз алдында жаһандық ядролық қауіпсіздіктің жаңа элементтеріне айналды.
Қазақстан жаһанды биік мақсаттарға жүйелі түрде қадам басты: ХХI ғасырда адамзат баласына өлім себетін ядролық арсеналдарға орын болмауы тиіс. Сондықтан да 2017–2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі
Қазақстанның басым бағыты – жаһандық ядролық қауіпсіздікті ілгерілету болып табылуы заңды.
Еліміз қолға алған бітімгершілік қадамдары Қазақстанның күрделі ядролық қарусыздану процесіндегі – ядролық қарудан азат әлем жолындағы көшбасшылық бағытының берік нығаюына ықпал етті.