CАЙРАМДА ЖӘРДЕМАҚЫДАН ҮМІТКЕР БІРНЕШЕ АДАМ АЛДАНЫП ҚАЛҒАН

Сайрамдықтар алаяққа алданған. Аудандағы Ақсукент ауылы Жібек жолы көшесінде орналасқан «Жусан» банкінің алдына 11 маусым күні 50-ге жуық азамат аталған банктен өздерінің аттарына несие алынған алынбағандығын білу үшін жиналды.
Аудан әкімдігі, полиция және «Жусан» банкінің қызметкерлері жиналған тұрғындардың талаптарын тыңдады. 34 азамат сол күні қабылданып, оларға қатысты есеп-шоттар ашылған-ашылмағаны, несиелері бар-жоғы туралы мәлімет берілген. Қалғандары сенбі күні қабылданды.
Айта кетейік, 10 маусым күні Сайрам АПБ-на Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы Муқуми көшесі №20/7 үйінің тұрғыны, Ташметова Мухайе Алимжановна арызданады. Оның арызында 07.05.2021 жылы өзінің танысы Сайрам ауданы Манкент ауылы Парчаоб көшесі №76 үй тұрғыны Азадбекова Диера Закиржановна «Атамекен» бағдарламасы бойынша әр балаңызға 50 000 теңгеден шығарып беремін деп, жеке құжаттарын алған. Өз атынан «Жусан» банкінен 3 889 589 теңге несие алғанын жазып көрсеткен.
Анықталғанындай, М.Ташметова Д.Азадбековамен әнгімелесу барысында «Атамекен» бағдарламасынан ақша шығару үшін ұялы телефонын алып «Каспи» банк қосымшасы арқылы Д.Азадбекованың атынан «Жусан» банкке несие алу бойынша тапсырыс беріп, ақша түсетін карта шотына өзінің есеп-шот нөмірін енгізеді. Д.Азадбековаға берілген несие М.Ташметованың шотына түскен.
Сондай-ақ осындай жолмен алданған тағы 30-дан астам тұрғын Сайрам АПБ-не арызданған. «Жусан» банкінің мәліметіне сүйенсек, бұдан бөлек 150-ден астам тұрғындардың аттарынан несие алынғаны анықталып отыр.
Қазіргі таңда аталған факт Сайрам АПБ-де заңға сәйкес тіркеліп, ҚПК-нің 131-бабына сәйкес Д.Азадбекова ұсталды. Іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Алданып, зардап шеккендер қатары мұнымен шектелмесі анық. Себебі, оңай олжаға кенелгісі келетіндер, өкінішке қарай, аз емес. Сондықтан, ақшаға қатысты ұсыныстарды қабылдауда барынша абай болыңыз.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі