ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЛАРЫ ЕЛГЕ ҮМІТ СЫЙЛАЙДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа мүмкіндіктер» атты Жолдауы зор ынтамен, үлкен қуанышпен қабыл алынды. Халық күткен Жолдау елімізде кеңінен талқыланып, насихатталған болатын, Осындай шаралар барысында аталмыш Жолдауды халықтың қолдап отырғаны айқын аңғарылуда.

Әлемдік қаржылық дағдарыс Қазақстанға анау айтты тырнағын батыра  алған жоқ. Құдайға шүкір, экономика өз қарқынымен дамып келеді. Елбасы Жолдауында көрсетілгендей, әлеуметтік салаға, ардагерлерге, зейнеткерлер мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға, көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, студент-жастарға көптеген жеңілдіктер қарастырылды. Бұл – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан қуатты мемлекетке айналғанының белгісі. Жолдауда:  «Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан біздің дамуымыз сәтті болды. Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен дамудың даңғыл жолына түстік», – деп Елбасы бұрын жоспарлаған және алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарға орынды тұжырым жасағандығына куәміз. «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасын орындай отырып, біз алғашқы оңжылдыққа бағдарлама жасап, оны тәмамдадық. Ендігі мақсат – осы стратегияның келер онжылдығына қарай қадам жасау», – деп атап көрсетілген Жолдауда. Сөз соңында айтарым: жарқын болашаққа бет түзеген Қазақстанымыз алға дами берсін! Ал мемлекетіміздің тізгінін ұстаған Елбасымыздың сарабдал саясаты, адал еңбегі ел игілігіне аса бергей!