ЕЛБАСЫНА АРНАУ

Қалайша ханды айтпай жасқанамын,

Бар ұлт сыйған көңіліне асқаралым!

Тоғыз айдай толғатып туған ұлы,

Білді ме екен әлемді басқарарын?!

Сөзі жүрсе халқына басқалардың,

Жалғыз патша болады тас қамалың.

Тағы да туған күні құтты болсын,

Елбасы мен елордам – Астананың!

Қадірін білмей қалма, елім менің,

Тарылмасын, ағайын, пейіл кенің.

Халқы үшін патшаны Алла берер,

Жоғалмасын бойдағы бек сенімің.

Жерге ері сай келген неткен далам,

Осы күні армандап өткен бабам.

Бақытын байқап ұстар дана халық,

Байлығыңды билесін ақыл-санаң!

Айболат МАЙМАҚОВ,

ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу

орталығы кадр және тәрбие

жұмысы бөлімінің басшысы,

полиция полковнигі.