«ӨССЕ ТІЛІМ, МЕН ДЕ БІРГЕ ӨСЕМІН»
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы үш тілділік саясатын ұсына отырып: «Қазақ тілі — ғажап тіл. Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы болып қала береді» деген еді.
Бүгінгі күні бұл пікірдің растығына көз жетті. Ендеше, сандар сөйлесін. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мемлекеттік тілде оқытатын ұйымдардың саны артып келеді. 2016 жылы мемлекеттік тілдегі балабақшалардағы тәрбиеленушілерінің саны 593758 адамды құрады. Бұл республика балабақшаларындағы балалардың жалпы санының 73,6 %-ін құрайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында 2018–2019 оқу жылы қазақ тілінде білім алушылар саны 1991 жылмен салыстырғанда, 67 %-ке артып, 289589 студентті құрады.
Егер 1998–1999 оқу жылы жоғары оқу орындарында студенттердің жалпы санының 26,8 %-і қазақ тілінде білім алса, 2018–2019 жылдары 83,0 %-і қазақша білім алып отыр. Ағылшын тілінде оқытатын бөлімдері бар ЖОО саны да артып келеді. Ағылшын тілінде білім алушылар саны 24,7 мың студентті құрады. Бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 2,5 есе артық.
Ересек тұрғындарды мемлекеттік тілге тегін оқыту мақсатында республиканың барлық өңірлерінде 90 мемлекеттік Тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Осыған байланысты латын графикасына көшу процесінде
оқытушылар мен тұрғындарды оқыту үшін орталықтардың және «Қазтест» ұлттық тестілеу жүйесінің әлеуетін арттыру қажет.
«Қазтест» – Қазақстан Республикасы азаматтарының және ел аумағындағы түрлі қызметпен айналысатын шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі. 2011–2015 жылдары аталған жүйе
бойынша 130000 адам, 2016 жылы – 73732 адам, 2017 жылы – 74543 адам, 2018жылы – 79389 адам тестілеуден өтті.
Болон процесінің негізгі шарттарының орындалуына байланысты Қазақстанның жоғары мектебінің жүйесінде де көптілді білім беру қалыптасқан. 2016 жылы 2012 жылмен салыстырғанда ағылшын тілінде оқытуды ұсынатын
жоғары оқу орындарының саны 10 бірлікке артты. 2009 жылмен салыстырғанда олардың саны 1,7 есе өсті.
«Болашақ» бағдарламасы іске асырылған жылдары әлемнің үздік ЖООларында филологияға және лингвистикаға байланысты мамандықтар бойынша 136 адам даярланған.
Үштілділік саясатты іске асыру мақсатында қазіргі кезде барлық балабақшалардың ересектер топтарында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің әліпбиі бір мезгілде оқытылады. Алайда, халықаралық тәжірибе көрсеткендей,
ағылшын тілін 9-12 жастан бастап енгізіп, сағат саны мен оқыту сапасын арттыру есебінен жүзеге асыру оны оқытудың тиімді тәсілі болып табылады.